Атырау, 5 желтоқсан 13:12
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Қазір мамаңды табамыз, есікті ашамыз»: ​Атырауда учаскелік инспектор 4 жасар қызды қауіптен құтқарды

Бейнежазба
533 рет қаралды
Видеодан скриншот

Атырауда учаскелік инспектор Рүстем Жұмабаев төрт жасар қызды биіктіктен құлап кетуден құтқарып қалды. 

Оқиға Нұрсая шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды: үйде жалғыз қалған бала терезені ашып, москит торына сүйеніп отырған. Қауіпті жағдайды көшеден өтіп бара жатқан әйел байқап, дереу полицияға хабарлаған.

№14 полиция бекетінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Рүстем Жұмабаев жедел жетіп, жабық есік арқылы баламен сөйлесіп, оқиғаның алдын алды. Кейін жедел іздестіру шаралары барысында қыздың анасы табылды. Анасының айтуынша, ол мектепке үлкен қызын апару үшін үйден қысқа уақытқа кеткен.

Полиция қызметкерінің кәсіби әрекеті мен бейжай қарамаған көршінің қырағылығының арқасында оқыс жағдайдың алдын алу мүмкін болды.


14 қазан, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.