Атырау, 5 желтоқсан 13:11
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ақтауда жұмыссыз азаматтар президентке үндеу жолдады

351 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр

Маңғыстау облысы Ақтау қаласының бір топ жұмыссыздары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жолдады. 

"Біз, Ақтау қаласының жұмыссыз жүрген адамдары Сізден көмек сұраймыз. Бүгінде шамамен 5700 жұмыссыз  бар. Алайда облыстағы Мансап орталығы ұсынған жұмыстармен келіспейміз, еңбекақысы мардымсыз, болмаса уақытша жұмыстарды ұсынады", - делінген Президенттің атына жолданған хатта. 

Үндеу авторларының айтуы бойынша, Ақтау қаласының айналасында ірі компанияларға вакансия бөлінбейді. 

"Бұл жөнінде Маңғыстау облысы әкімдігі, Ақтау қаласының әкімдігі, облыстық Мәслихатқа, прокуратураға, "AMANAT" партиясына ұжымдық хат та жолдадық. Осыдан кейін бірнеше рет кездесулер болғанымен мәселе шешілген жоқ" - дейді наразылық танытушылар. 

Жұмыссыз жүрген азаматтардың қойып отырған талабы - Ақтау қаласының айналасында орналасқан ірі компанияларға жұмысқа орналасу үшін вакансия бөлу және себепсіз жұмыстан шығармау. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 қазан, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.