Атырау, 5 желтоқсан 13:13
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда құтқарушылар қыс маусымына жаңа техникамен дайындалуда

Сурет
358 рет қаралды

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрмыстық өрттердің алдын алу мақсатында баспасөз турын ұйымдастырды.

Қазіргі уақытта департаменттің материалдық-техникалық жабдықталуы 82,8 пайызды құрайды. Қызметтің қарамағында 245 техника, 38 жүзу құралы және 23 аспалы мотор бар. Биыл жергілікті бюджет есебінен тағы 91 жаңа техника, 1 жүзу құралы мен 10 мотопомпа сатып алынды.

Әсіресе биік ғимараттардағы төтенше жағдайларға арналған Финляндияда өндірілген VEMA автосатысы ерекше назар аудартады. Бұл заманауи техника 70 метр биіктікке көтеріле алады, 500 келіге дейінгі жүкті көтеруге қауқарлы және су мен көбік беруге арналған жаңа жүйемен жабдықталған.

Құтқарушылардың айтуынша, қыс мезгілі – ең жауапты әрі қауырт кезеңнің бірі. Осы уақытта пештің немесе электр сымдарының ақауынан өрт жиі шығып, қолайсыз ауа райы салдарынан жол-көлік оқиғалары да артады. Сондықтан ТЖД мамандарының техникасы мен жеке құрамының дайындығы қатаң бақылауда ұсталады.

14 қазан, 13:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.