Атырау, 18 қараша 12:34
 ашықВ Атырау +4
$ 522.19
€ 606.42
₽ 6.47

Мал өліміне не себеп? Жылыой тұрғындары алаңдаулы

391 рет қаралды
Видеодан скрин-шот

Жылыой ауданында оншақты ірі қара белгісіз жағдайда өлген болатын. Фермерлердің айтуынша, малдар құлап, қайта тұрмаған.

Өлген малдардан және Жем өзенінен сынама алынып тексерілді. Атырау облыстық ветеринариялық зертхананың сараптама акті бойынша нәтижелер улануға және жұқпалы ауруларға теріс нәтиже көрсеткен.

Жуырда Жылыой аудандық санитарлық-эпидемеологиялық бақылау басқармасының және Атырау облысының экология департаментімен алынған ашық су көздерінен және топырақ сынамаларын мұнай өнімдері, санитариялық-химиялық, радиологикалық көрсеткіштеріне зерттеу қорытындысы нәтижесінде жануарлардың ауруына және өліміне әкеліп соғатын көрсеткіштер анықталған жоқ деген жауап келді. 

Бірақ малдың неге қырылғанына қатысты сұраққа қызметтерідң ешқайсысы нақты жауап бере алмай отыр.

- Базардан ет сатып алуға қорқуға еш негіз жоқ, - дейді аудан әкімінің орынбасы Аманжол АЙДАШЕВ. - Себебі, ішкі сауда орындарына сатуға шығарылатын ет өнімдері ветераниярлық- санитариялық қадағалаудан өтеді, мал арнайы орындарда сойылады. Ветераниялық инспекция қызметкерлері күнделікті бақылап, қадағалап отыр

Ал аудан тұрғындары «бәрі таза болса да», мал қырыллы ғой» деп алаңдаулы екенін жасырмайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 қазан, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.