Атырау, 19 желтоқсан 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Жылыой ауданында мал қырылып жатыр, себебі әлі белгісіз

419 рет қаралды

Атырау облыстық ветеринариялық зертхананың сараптама актісіне сәйкес Жем өзенінен алынған су сынамасының физика-химиялық, токсикологиялық зерттеулері және өлген малдан алынған сынамалар улануға және жұқпалы ауруларға теріс нәтиже көрсеткен.

- Сонымен қатар Атырау облысының экология департаменті  мен аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен топырақ және су сынамасы алынып, зертханаға жіберіліп, нәтижесі күтілуде, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Жәнібек САБЫРОВ.

Әзірге мал неге қырылып жатыр деген басты сұрақ жауапсыз қалуда. Осы жылдың шілде айында Құрманғазы ауданында да түйе жануарлар өлімі тіркелген болатын. Сол кезде зерттеу қорытындысы "түйе цефалопинозы" диагнозын қойған болатын. Бұл аса қауіпті ауруларға жатпайтындықтан малға өтемақы төленген жоқ. 

Бұл жағдай қайталануы мүмкін: мал қырылып, ал ресми органдар тек фактілерді тіркеп, жаңа сынамалар алумен шектеледі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 қыркүйек, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.