
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес мұнай сервис компанияларында орын алған бірнеше сыбайлас жемқорлық дауларынан кейін өндірістік процестердің ашықтығын және бақылауды арттыру мақсатында «Сапарларды басқару» жаңа ақпараттық жүйесін енгізді.
Жүйе үш еншілес компанияда – «Oil Services Company» ЖШС, «Oil Construction Company» ЖШС және «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-де іске қосылды.
Аталған ұйымдарда бұған дейін бірнеше заңбұзушылықтар тіркелген. Мәселен, «Oil Services Company» қызметкерлері 23 млн теңгені жымқырса, «Oil Construction Company» басшылары әлеуметтік жобаны іске асыру кезінде пара алған. Ал «Ойл Транспорт Корпорейшэнде» 250 млн теңгеден астам қаражат жымқырылған. Барлық іс бойынша айыптылар 2025 жылдың қыркүйегінде сотталып, нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Жаңа жүйе мынадай нәтижелер беруде:
* өтінім рәсімдеу уақыты 5 сағаттан 2 сағатқа дейін қысқарды;
* қағаз құжат айналымы екі есеге азайды;
* көлік қозғалысын онлайн бақылау мүмкіндігі іске қосылды;
* кен орындарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін онлайн хабарламалар енгізілді.
Компания өкілдерінің айтуынша, цифрландыру процестерді жеделдетіп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін де азайтады.
ҚМГ дерегінше, 57 қызметкер «Ембімұнайгаз» АҚ базасында тәжірибеден өтіп, жүйенің тиімділігін үйренді. 2026 жылы жоба басқа да еншілес компанияларға енгізілмек.
В Атырау +4