Атырау, 5 желтоқсан 08:10
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Маңғыстауда мұнай сервис компаниясының басшылары ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін сотталды

286 рет қаралды

Маңғыстау облысында мұнай-газ кәсіпорындарында жүргізілген тексеру барысында «Oil Services Company» ЖШС-де жабдықтарды қабылдау кезінде заң бұзушылықтар анықталды. 

Прокуратура материалдарының негізінде сотқа дейінгі тергеу басталып, кәсіпорын мен мердігер ұйымның үш басшысы ұсталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Сот үкімімен олардың барлығы кінәлі деп танылды. Кәсіпорын бас директорының орынбасары аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ бөлім басшысы мен мердігер компания директоры 2 жыл 4 айға сотталды.

Қылмыстық іс қарау барысында сотталғандар мемлекетке келтірілген 23 млн теңге шығынды өтеді. Үкім заңды күшіне енді.

11 қыркүйек, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.