Атырау, 5 желтоқсан 17:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Блогер InDrive қолданушыларына ескерту жасады

Толықтырылды
782 рет қаралды
Видеодан скриншот

Танымал TikTok блогері Санат Нұрбаев Семей қаласында InDrive қосымшасы арқылы жұмыс істейтін такси жүргізушілеріне алданып қалған тәжірибесін бөлісті.

Нұрбаевтың айтуынша, ол Семейге шығатын жолға серік болсын деп бір-екі жолаушыны алып кетуді ұйғарған. Ол InDrive арқылы хабарласып, жолаушымен сағат 16:00-де жолға шығуға келісіпті.

«Келіскен уақытқа он минут қалғанда жолаушымның WhatsApp нөміріне хабарласып, келіп тұрғанымды айттым. “Қазір шығамын” деді. Бірақ бір сағат өткеннен кейін де жауап болмады. Осы кезде индрайверге такси болып көлденең кіріп кеткендерді көптен жасап жүрген әккі таксистер алдайды деген әңгімені естігенім есіме түсті. Осымен төртінші рет алданып тұрмын. Кейде арзан бағаға жеткізуді сұраған жолаушыларды да осылай алдайтыны бар», — деді блогер.

Блогер InDrive қосымшасын қолданатындарға ескерту жасады:

«Осылай алданып қалмаңыздар. Бір-екі жолаушы бар деп хабарласып, сізді мүлдем басқа жерге қаңғытып жіберуі әбден мүмкін. Сақ болыңыздар!».

Сонымен қатар, ол алдап жүрген жүргізушілерге үндеу жасап, әр адамның өз несібесі бар екенін ескертті.

Блогердің үндеуі TikTok-та көп қаралым жинап, көрермендер арасында қызу пікірталас тудырды.

Кейін InDrive платформасы осы жағдайға қатысты былай деп түсініктеме берді:

«Біз мақаладағы ақпаратты тексеріп жатырмыз және расталса, дереу шара қолданамыз. Жүргізушілер тарапынан болсын, жолаушылар тарапынан болсын, кез келген манипуляция сервистің ережелерін бұзады және біздің платформада мұндайға жол берілмейді».
25 қыркүйек, 20:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.