
Бүгінде мектеп оқушыларының қалта шығындары осыдан он жыл бұрынғы шығындардан мүлдем өзгеше көрінеді. Тәтті-дәмділер немесе кино сияқты әдеттегі ұсақ-түйектердің орнына балалар онлайн-ойындарға және білім беру қызметтеріне жазылуға көбірек ақша сұрайды. Егер бұрын смартфон тек ойыншық немесе байланыс құралы болып көрінген болса, енді ол нағыз мұғалім болып, балаға қаржыны басқаруды үйренуге, тіпті оны жақсы баға алуға ынталандыруға көмектесе алады.
Шығындарды реттеудің қарапайым тәсілдерінің бірі - баланың ұялы телефондағы тарифіне назар аудару. Ата-аналар байланысты бюджеттің міндетті баптарына жатқызуға дағдыланған, бірақ дәл осы жерде айтарлықтай ақша үнемдеуге болады. activ арнайы балалар тарифтерін Kundelik немесе BilimClass білім беру платформалары арқылы 40% жеңілдікпен қосуға болады. Нәтижесінде айына 5-6 мың теңгенің орнына балаға байланысқа шамамен 3 мың теңге керек. Бір жылда айырмашылық 20 мың теңгеден асады. Бұл соманы спорт секциясындағы сабақтарға, кітаптарға немесе тіпті бірлескен саяхатқа жұмсауға болады.
«Біз үшін цифрлық технологиялардың балалардың білім алуына көмектесіп қана қоймай, оқудан практикалық пайда әкелуі маңызды. activ-пен бірлескен жоба жақсы бағалардың балаға тікелей пайда әкеліп, ата-анасының өмірін жеңілдететінін көрсетеді. Мұндай тәсіл оқушыларды сабақтарын жақсу оқуға ынталандырады, ал ата-аналарда смартфонның пайдалы қолданылатынына сенім пайда болады», - деп атап өтті «Bilim.Group» ЖШС бас директоры Александр Савченко.
Ақша үнемдеуден бөлек, ай сайын оқушы Имбакстар деп аталатын арнайы бонустарға ие болады. Олар тарифті төлеуге ғана емес, жақсы бағалар үшін де есептеледі. Бір Имбакс бір теңгеге тең, оларды автобустармен жол жүруге және ойын валютасына айырбастауға болады (жақын арада серіктестерден басқа да нәрселерді алуға болады). Оқу бұл жағдайда ұпай табу тәсіліне айналады, ал смартфон мектептегі күш-жігер тікелей нақты мүмкіндіктерге айналатын көрнекі «экономика оқулығына» айналады.
Бұл ата-аналар үшін пайдалы ғана емес, уайымның болмауы: тарифтер қарым-қатынас үшін WhatsApp-қа шектеусіз қолжетімділікті, білім беру ресурстары мен онлайн-ойындарды, сондай-ақ жағымсыз жазылымдардан қорғауды, тіпті, егер баланың шоты уақытында толтырылмаса да, шұғыл минуттарды қамтиды.
Осылайша, гаджет шексіз шығындардың көзі болудан қалып, жауапкершілік пен цифрлық дербестікке баулу құралына айналады.
В Атырау +2