Атырау, 5 желтоқсан 17:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

ҚМА Алматыда «Amir Capital» қаржы пирамидасына тергеу жүргізіп жатыр

215 рет қаралды
Фото: freepik.com

Өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде таныстырған «Amir Capital» компаниясы үш жыл бойы Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан азаматтарынан криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі жобаларға инвестициялау арқылы 5–10% мөлшерде табыс табу уәдесімен қаржы тартқан.

Инвесторлар компанияның ресми сайты арқылы жолданған реферальды сілтеме бойынша тіркелген. Жеке кабинеттерді толтыру криптовалюта түрінде (USDT, BTC, ETH) Amir Wallet әмияны арқылы жүзеге асқан.

Түскен қаражат қаржы пирамидасының принципі бойынша бөлініп отырған — яғни, бұрын тіркелген қатысушыларға төлемдер кейінгі салымшылардың қаржысы есебінен төленген.

Нәтижесінде аталған пирамидаға 40-тан астам адам тартылған.

2021 жылдың соңында салымшылардың «amir.capital» платформасындағы жеке кабинеттерінен қаражат шығару мүмкіндігі шектелген. Ұйымдастырушылар бұл жағдайды техникалық ақаулармен түсіндіріп, төлемдерді қайта бастауға уәде бергенімен, қаражатқа қол жеткізу мүмкіндігі қалпына келтірілмеген.

Құны 10 млн АҚШ долларынан асатын криптоактивтер мен Алматы облысындағы жер телімін бұғаттауға сот санкциясы алынды.

Күдіктілердің бірі 2 айға қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.


25 қыркүйек, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.