Атырау, 5 желтоқсан 17:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Париж және Миланда Қазақстанның әжелері сән сахнасына шығады

343 рет қаралды
Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Еуропаның Paris Fashion Week и Milan Fashion Week ең беделді сән сахналарының бірінде «Әлемді таңғалдырған әжелер» атты ерекше мәдени жоба көрсетіледі, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш жоба қатысушыларының жасы – 60 пен 74 аралығында. Олар еліміздің әртүрлі өңірлерінен кастинг арқылы іріктелген. Еуропаның сән сахнасын бағындыруға 20 қатысушы аттанады. Көрсетілімдерде олар ұлттық нақыштағы «Ақ маржан» топтамасын ұсынбақ.

Жобаның авторы – Раушан Әнуарбекова, танымал сәнгер, Еуразия Дизайнерлер Одағының мүшесі, Ұлттық Дизайнерлер Академиясының академигі. Ол қазақтың ұлттық дәстүрінен шабыттанған заманауи топтамаларымен танымал және бұған дейін өз жұмыстарын Milan Fashion Week, Paris Fashion Week, Aspara Fashion Week сахналарында көрсеткен.

«Әлемді таңқалдырған қазақ әжелері» жобасы Еуропа сән апталығына төртінші мәрте қатыспақ. Биылғы іс-шара Халықаралық қарттар күніне және Қазақстанда дәстүрлі түрде аталып өтетін Қарттар айына арналады.

24 қыркүйек, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.