
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Instagram-да видеоүндеу жазып, оны полиция рейд жүргізген кезде «Манхэттен» тұрғын үй кешеніндегі массаж салонында ұстады деген хабардың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өнер иесінің айтуынша, соңғы 15 күн бойы ол Алматыда жүр және "The Voice Qazaqstan" шоу бағдарламасының түсірілімімен айналысып жатыр. «Бұл – өтірік. Мен ешқайда барған жоқпын, еш жерде ұсталған жоқпын. Алматыда он бес күннен бері ресми іс-шараларда жүрмін. “Манхэттан” деген жерді де білмеймін», — деді Қабатов.
Әлеуметтік желіде комиктің салоннан «қашып шығуға әрекеттенгені» туралы жазба таралып, оны бірқатар БАҚ та жариялаған. Полицияның баспасөз қызметі редакцияға берген мәліметінде Қабатовқа қатысты мұндай оқиғаның тіркелмегенін хабарлады.
В Атырау +2