
Түркістанда сот жедел операцияға бара жатып жылдамдықты асырған кардиохирургтен айыппұл өндіру туралы ұйғарымның күшін жойды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Соттың анықтағаны: қалалық орталық аурухананың кардиохирургы Бекзат Усманов 2025 жылдың 29 маусым күні асқынған инфаркт миокарда диагнозымен науқастың жүрегіне шұғыл түрде ота жасау үшін көлік тізгіндеп ауруханаға жол жүрген. Полиция қызметкерлері, Усмановтың басқаруындағы көліктің алдыңғы әйнектеріне перде (шторка) орнатылғаны үшін тоқтатып, ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған. Содан, полиция қызметкерлері оның өзінің ауыр науқастың жүрегіне жедел ота жасауға асығып тұрғанын біліп, қызметтік автокөлікпен сүйемелдеп алып жүру туралы ұсыныс білдірген.
Усманов ұсынысты қабылдап, нәтижесінде Майкотов көшесінде, автокөлікті белгіленген жылдамдықты асырып басқарғаны бойынша, автоматты режимде жұмыс істейтін камераға түсіп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарылды.
Сот, іс құжаттарды зерттеп, шағымданушының, полиция қызметкерлерінің түсініктемелерін сонымен қатар шұғыл түрде ота жасалғаны бойынша құжаттарды қарап, құқық бұзушының әрекетіне баға бере келе, Усмановтың тарапынан белгіленген жылдамдықты асырып көлік құралын басқару әрекеті өзге адамның өмiрiне, денсаулығына, тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн аса қажеттiлiк жағдайында орын алған деп тапты.
ҚР ӘҚБтК-нің 37-бабын басшылыққа алып, 17 қыркүйек 2025 жылы сот қалуысымен Түркістан қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күші жойып, іс жүргізуді тоқтатты.
Көлік әйнегінесіндегі пердеге салынған айыппұлды дәрігердің өзі ерікті түрде төледі.
В Атырау +2