
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Қазақстанда алғаш рет электропойыз ішінде өтетін мәдени-ойын-сауықтық жобаны – «Поттер пойызы» бағдарламасын іске қосты.
Жобаның мақсаты – балалар мен ата-аналарды Гарри Поттер әлеміне саяхатқа шығарып, интерактивті ойындар мен театрландырылған қойылымдар арқылы ерекше тәжірибе сыйлау.
Сапар барысында жолаушылар Гарри Поттер кейіпкерлерінің образындағы әртістердің қойылымын тамашалай алады. Бағдарлама интерактивті элементтерге бай, әрбір жас қатысушыға естелік ретінде арнайы сыйлық – сиқырлы таяқша табысталады.
Шоу 4 вагоннан тұратын электропойызда ұйымдастырылып, «Астана-1 — Тастақ — Астана-1» бағыты бойынша жүреді. Пойыз сапарының ұзақтығы – 2 сағат.
«Поттер пойызының» алдағы рейстері:
- 2025 жылғы 5 қазан, сағат 11:25
- 2025 жылғы 12 қазан, сағат 11:25
Жолаушылар алдын ала брондау арқылы билет ала алады.
В Атырау +2