Атырау, 5 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Бағаны көтерген делдалдар нарықтан шеттетіледі

284 рет қаралды
Сурет: freepik.com

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, баға тұрақтылығын сақтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, апта сайын өңірлер мен тауарлар бойынша туындайтын мәселелер жедел шешіліп отыр.

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың баға индексі 100,8%-ды құрады. Тамыз айында өсім тіркелмесе, қыркүйектің алғашқы үш аптасында көрсеткіш небәрі 0,1%-ға өскен.

Оның ішінде көкөніс бағасының күрт өсуі тамыздан бастап орта есеппен 2,5 есе бәсеңдетілді. Сондай-ақ тұз, жұмыртқа, картоп және күнбағыс майы бойынша жыл соңына дейін бағаны ұстап тұруға бағытталған меморандумдарға қол қойылды. Ұн, макарон өнімдері мен күріш бағасы төмендеген.

Ішкі нарықты толықтыру үшін 15 мамырдан бастап тірі малды әкетуге тыйым салынған. Сонымен қатар, ет экспортына бақылау күшейтіліп, сиыр етін шетелге шығару тек өңдеуші кәсіпорындарға ғана рұқсат етілді. Сауда желілері фермерлерден тікелей ет жеткізу туралы келісімге келген.

Арман Шаққалиевтің сөзінше, делдалдық схемаларды тексеру барысында тиімсіз делдалдар анықталып, нарықтан шеттетілуде.

23 қыркүйек, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.