Атырау, 5 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін: «Қайрат» пен «Реалдың» ойынына билет бағасы жарияланды

330 рет қаралды

30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтетін Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» - «Реал» матчына билеттерді сату бүгін кешке басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ойынның басталу уақыты – Астана уақытымен 21:45.

Sportarena.kz мәліметінше, билеттерді 23 қыркүйек күні сағат 17:00-ден бастап Qairat SuperApp қосымшасы, «Қайраттың» ресми сайты, сондай-ақ Ticketon және Freedom платформалары арқылы сатып алуға болады.

Билеттердің бағасы

Батыс трибунасы:

  • 30 000 теңге – 1-9-секторлар, 1-2-қатарлар;
  • 250 000 теңге – 1-17-секторлар.

Шығыс трибунасы:

  • 150 000 теңге – 30-48-секторлар.

Солтүстік/Оңтүстік (қақпа артындағы секторлар):

  • 75 000 теңге – 18-28 және 49-60-секторлар.
23 қыркүйек, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.