Атырау, 5 желтоқсан 18:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Түркістанда тұрғындар мүлкін жасырып, АӘК алған

259 рет қаралды
Фото: freepik.com

Прокуратура органдары атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу үшін азаматтардың өздерінің нақты табыстарын және жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің санын жасырған фактілерін анықтады, деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Сарыағаш (11), Келес (6) және Мақтаарал (2) аудандарының тұрғындары табыстарын жасырғаны үшін мемлекет қаржысынан 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген.

Сонымен қатар, Келес ауданындағы 13 тұрғын өтініш беру кезінде отбасымен бірге тұратын мүшелерін әдейі жасырған, осылайша жиынтық табысты төмендетіп, кедейшілік шегінен аспауға тырысқан.

Нәтижесінде олар 2,2 млн теңгені заңсыз алған.

Аталған факт бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

23 қыркүйек, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.