
Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) мазмұны мен әдістемесі толық жаңартылып, заманауи тәсілдер мен халықаралық сапа стандарттарына сәйкес жетілдіріледі. Бұл туралы ғылым министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Мемлекет басшысы АҚШ-та жұмыс сапары барысында Educational Testing Service (ETS) компаниясының басшылығымен кездесті. ETS – 80 жылдық тарихы бар әлемдегі тестология саласындағы ең ірі ұйым.
«Қазіргі таңда ҰБТ сапасын түбегейлі арттыру және мазмұнын толық қайта қарау үшін осы әлемдік деңгейдегі тестология ғылыми орталығымен бірлесе жұмыс істейміз. Келесі айда зерттеушілер делегациясы Қазақстанға келеді. Жұмысты жүйелі түрде жүзеге асырамыз», – деді Саясат Нұрбек.
В Атырау +2