
Үкімет сиыр етін экспортқа шығаруға шектеу қойып, тек өңдеуші кәсіпорындарға ғана рұқсат берді. Бұл ішкі нарықтағы ет тапшылығын азайтуға бағытталған, деп хабарлайды zakon.kz.
Ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, фермерлерге тегін сауда орындары берілді. Артық делдалдар нарықтан алынып, бағаның негізсіз өсуі тежеуге тырысып жатыр.
Өткен сенбіде еліміздің барлық өңірінде 47 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бір күннің ішінде тұрғындар 195 тоннадан астам сиыр етін сатып алды.
Сонымен қатар, бағаны негізсіз көтергендерге 2 мыңнан астам айыппұл салынды, ал 345 делдал нарықтан аластатылды. Сауда нүктелерінде бағалар күн сайын бақылауда болады.
В Атырау +2