
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда маркетплейстерде сауда жасайтын жеке кәсіпкерлерге арналған арнайы салық режимі енгізіледі. Вице-министр Ержан Біржановтың хабарлауынша, салық мөлшері өңірлік маслихат шешіміне байланысты өзгеруі мүмкін, деп жазады BES. Media.
Арнайы салық режимі жеңілдетілген декларацияға негізделеді. Жылдық айналым шегі – 2,5 млрд теңге. Бұл режимде ҚҚС есепке алынбайды, ал салық тек айналымнан алынады. Мысалы, егер кәсіпкер 1 млрд теңгеге тауар сатса, бастапқы ставка 4% болады. Дегенмен өңірлік маслихаттар бұл мөлшерді экономикалық жағдайға байланысты екі есе төмендетуі немесе көбейтулері мүмкін.
Сонымен қатар, жаңа Салық кодексіне сәйкес интернет-платформалар салық агенті ретінде әрекет етеді. Министрлік платформаларға салық органдарына сату, қызмет көрсету және жеке тұлғаларға төлемдер туралы мәліметті ұсыну тәртібін әзірлеуде.
Осылайша, бір өңірде және басқа өңірде жұмыс істейтін маркетплейс кәсіпкерлері бірдей айналым жасаған жағдайда да, салық мөлшері әртүрлі болуы мүмкін.
В Атырау +2