Атырау, 26 желтоқсан 02:46
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

ҚТЖ-Жүк тасымалына монополиялық жағдайды теріс пайдаланғаны үшін 1,42 млрд теңге айыппұл салынды

270 рет қаралды
gov.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласындағы департаменті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не қатысты бәсекелестікті қорғау туралы заңнаманы бұзу белгілері бойынша тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеп-тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының, Қырғыз Республикасы Экспедиторлар қауымдастығының және бірқатар көлік-экспедиторлық компаниялардың өтініштері негіз болды.

Тергеп-тексеру нәтижесінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жүк тасымалдау жоспарларын келісу барысында аффилиирленген компанияларға – «KTZ Express» АҚ және «КедентрансСервис» АҚ-ына артықшылық беріп, жеке экспедиторлық ұйымдардың қызметіне кедергілер жасағаны анықталды.

Аталған әрекеттер «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС тарапынан монополиялық жағдайды теріс пайдалану ретінде бағаланды.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 22 тамыздағы шешімімен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мемлекет кірісіне 1,42 млрд теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

2025 жылғы 15 қыркүйектегі Астана қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

22 қыркүйек, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.