Атырау, 5 желтоқсан 18:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев ҚР Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды​​

527 рет қаралды
Ерболат Досаев, Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің суреті

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ерболат Досаев — танымал мемлекет қайраткері. 2022 жылдан 2025 жылға дейін Алматы қаласының әкімі болды. Оған дейін ҚР Ұлттық банкін (2019–2022), Ұлттық экономика министрлігін (2014–2016), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін (2013–2014), Экономикалық даму және сауда министрлігін (2012–2013), сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігін (2004–2006) және Қаржы министрлігін (2003–2004) басқарған.

24 мамырда Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды.

19 қыркүйек, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.