Атырау, 5 желтоқсан 19:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстандықтар бір уақытта бірнеше жерде жұмыс істей алады – министрлік түсіндірді

358 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет

Қазақстандықтар негізгі жұмысынан бөлек қосымша жұмыс істей алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Алайда заңда бірқатар шектеулер қарастырылған.

Қанша сағат жұмыс істеуге рұқсат?

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес:

  • негізгі жұмыстағы еңбек уақыты – 8 сағаттан аспауы тиіс;
  • қосымша жұмыста – 4 сағаттан аспайды;
  • жалпы бір тәулікте – 12 сағаттан аспауға тиіс.

Яғни, азамат бір мезгілде бірнеше жерде жұмыс істей алады, бірақ еңбек уақыты заңда белгіленген шектен аспауы қажет.

Қосымша жұмыс шарттары

  • Қосымша жұмысқа орналасу үшін қызметкер негізгі жұмыс орнынан анықтама ұсынуы тиіс (лауазымы, еңбек жағдайлары туралы).
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы екі жұмыс орнында бір мезгілде беріледі. Егер қосымша жұмыстағы демалыс уақыты қысқа болса, қалған күндері ақысыз демалыс беріледі.
  • 18 жасқа толмағандар, сондай-ақ ауыр, зиянды немесе қауіпті жағдайда жұмыс істейтіндер (медицина қызметкерлерінен басқа) қосымша жұмысқа алынбайды.

Мемлекеттік қызметшілерге шектеу

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге қосымша ақылы жұмыс істеуге тыйым салынған. Тек педагогикалық, ғылыми және шығармашылық қызметке ғана рұқсат етіледі.

Еңбек шарттарының бірыңғай жүйесі

Вице-министр Олжас Анафиннің айтуынша, қазір мемлекеттік еңбек инспекциясы Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) енгізілген деректерге мониторинг жүргізіп жатыр.

Бұл жүйе:

  • еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді;
  • қағаз түріндегі шарттар мен артық құжаттарды жояды;
  • жұмысқа орналасу үдерісін жеңілдетеді;
  • жұмыс берушіге кадрлық құжаттарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Үміткердің электрондық жеке ісінде оның жеке куәлігі, дипломы, еңбек өтілі мен біліктілігі жөніндегі мәліметтері сақталады. Бұл – жұмыс берушілер үшін де, қызметкерлер үшін де қолайлы тетік.

19 қыркүйек, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.