Атырау, 5 желтоқсан 15:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Түркістан облысында радикалдардан заңсыз қару тәркіленді

217 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет

Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен ІІМ-нің «Р» басқармасы және ПД-нің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде деструктивті діни ағымның жақтастары ұсталды.

Олардың «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөлігінен 9 мм калибрлі бір дана «ТТ» маркалы тапанша және 18*45 калибрлі «Байкал МР-461» маркалы қару табылып, тәркіленді. Аталған қарулардың оқ атуға жарамды екендігі анықталды.

Қазіргі таңда бұл қарулардың өзге де қылмыстарда қолданылғанын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, негізгі фигуранттың тұрғылықты мекенжайында ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды.

2025 жылғы 2 қыркүйекте ҚР ҚК-нің 287-б. 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталды.

18 қыркүйек, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.