Атырау, 5 желтоқсан 18:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Қайрат" алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасына қатысады: ойынды қайдан көруге болады?

282 рет қаралды

Бүгін, 18 қыркүйекте алматылық "Қайрат" алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнайды.

"Қайрат" Лиссабондық "Спортинг" командасымен қарсы алаңға шығады. 

Топтық кезеңнің бірінші туры Лиссабондағы "Жозе Алваладе" стадионында өтеді. Ойын жергілікті уақытпен 20:00-де басталады (Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:00-де).

Ресми трансляция "Qazsport" телеарнасында, сондай-ақ "Кинопоиск" онлайн-кинотеатрында қол жетімді болады.

Командалардың жолы

"Қайрат" өткен маусымда төртінші рет Қазақстан чемпионы атанды және Чемпиондар лигасының барлық төрт іріктеу кезеңінен өтіп, "Олимпия" (Словения), "КуПС" (Финляндия), "Слован" (Словакия) және "Селтик" (Шотландия) командаларын жеңді.

"Спортинг" 11-маусым қатарынан еурокубоктарда ойнап келеді. Өткен жылы команда ЧЛ іріктеу матчтарына дейін жетті, бірақ дортмундтық "Боруссиядан" жеңіліп қалды. Клубтың басты халықаралық жетістігі — 1963/64 маусымындағы Кубок иелері кубогы.

Трансфер құны бойынша көшбасшылар

"Қайраттағы" ең қымбат футболшы — Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаев (€1,8 млн).

"Спортингтегі" бағасы бойынша көшбасшы — Дания құрамасының капитаны, жартылай қорғаушы Мортен Юльманн (€50 млн).

"Спортингтің" құрамының жалпы құны — €434,3 млн, "Қайраттікі" — €12,53 млн.

"Қайраттың" шығындары

"Ақтөбемен" болған матчта жарақат алған қақпашы Темірлан Анарбеков алаңға шықпайды. Ол шамамен екі айдан кейін қатарға қосылады. Сондай-ақ негізгі қақпашы Александр Заруцкий де әлі қалпына келген жоқ.

"Қайраттың" қақпасын ЧЛ дебюттік матчында 18 жастағы Шерхан Қалмұрза қорғайды деп жоспарланып отыр.

18 қыркүйек, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.