Атырау, 13 ақпан 08:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40

Бақ па? Иманбек «Грэмми» сыйлығына екінші рет ұсынылды

Бейнежазба
341 рет қаралды

Қазақстандық диджей және продюсер Иманбек Зейкенов (Imanbek) Latin GRAMMY Awards 26-шы салтанатты шарасының үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды Латын Америкасы дыбыс жазу академиясының сайты.

Павлодарлық музыкант бұл жолы «Latin Grammy» сыйлығының «Үздік латын электрондық музыкасының орындалуы» номинациясына ұсынылды. Әнші Taichu-мен бірігіп орындаған Ella Quiere Techno трегі осы санатқа енгізілген.

Марапаттау рәсімі 2025 жылғы 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді.

Еске салсақ, Иманбек 2019 жылы Saint Jhn-нің Roses әніне жасаған ремиксі арқылы әлемге танылып, 2021 жылы «Грэмми» жүлдесін жеңіп алған еді. 

"Классикалық" GRAMMY-ден айырмашылығы, Latin GRAMMY тек латын америкалық музыкаға арналған және сыйлықты Латын Америкасы дыбыс жазу академиясы береді.


18 қыркүйек 2025, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.