
Алматыда «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығы» ЖШС-дегі қатысу үлесі ашық электрондық саудаға қойылғанын хабарлады «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС.
Аукцион Е-Qazyna порталында 2025 жылғы 18 қараша, сағат 10:00-де (Астана уақытымен) өтеді.
Бастапқы баға: 28,6 млрд теңге.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы аукцион ашықтық пен әділ бәсекелестік қағидаттарына сәйкес өткізілетінін атап өтті. Аукционның барлық шарттары мен толық ақпарат ресми порталда жарияланған.
Активтерді сату «Қайтарылған активтерді басқару компаниясының» қызметі аясында жүзеге асырылады. Түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, қоғам игілігі үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады.
Естеріңізге сала кетейік, "Байсат" базарын бұрын бизнесмен Қайрат Сатыбалды мемлекетке қайтарған еді.
В Атырау +2