Атырау, 25 мамыр 22:24
 дождьВ Атырау +31.5
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60

Алматыда аса ірі салық алаяқтығы бойынша үкім шықты

373 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Алматыда жалған шот-фактуралар арқылы салық төлемінен жалтару схемасына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды.

Тергеу нәтижесінде заңсыз әрекеттер мемлекетке 686 миллион теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды. Бір топ адам тауарлар мен қызметтерді іс жүзінде жеткізбестен, жалған шот-фактуралар жазу схемасын ұйымдастырған.

Құқыққа қарсы әрекеттердің ізін жасыру және салық бақылауын айналып өту үшін формалды түрде жалған біріктіру жасалған. Алайда қала прокуратурасының әрекетімен заңсыз біріктіру тоқтатылды.

Жалған шот-фактуралар фактісі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Сот қылмыстық топтың алты мүшесін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216-бап (шот-фактураларды жалған жазу) және 262-бап (ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару) бойынша кінәлі деп таныды.

Сотталғандарға 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

18 қыркүйек 2025, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.