Атырау, 5 желтоқсан 18:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Петропавлда ЖШС директоры мен бас инженері мемлекеттік қаражатты иемденгені үшін сотталды

243 рет қаралды
Сурет: freepik.com

2025 жылғы 3 шілдеде Петропавл қалалық сотында мемлекеттік қаражатты ұрлау фактісі бойынша үкім шығарылды.

Сот дерегінше, «Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС директоры «К» және бас инженер «Т» қызметтік жағдайын пайдаланып, ірі мөлшерде бюджет қаражатын иемденген. Нәтижесінде «К» 3 жылға, ал «Т» 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттік айыптау олардың сорғы станциясын, тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және жылыту жүйелерін жөндеуге бөлінген 8 млн теңгеден астам қаражатты иемденгенін дәлелдеді.

Облыс прокуратурасы осындай әрекеттер билікке деген сенімді төмендететінін ескертіп, бюджет қаражатын иемдену немесе ысырап ету Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел бұзу болып табылатынын хабарлады.

Үкім 2025 жылғы 26 тамызда заңды күшіне енді.

17 қыркүйек, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.