Атырау, 5 желтоқсан 18:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қазақстанда тамыз айында жылдық инфляция 12,2%-ға жетті

244 рет қаралды
Сурет: shutterstock.com

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, тамыз айында Қазақстанда жылдық инфляция 12,2%-ды құрады, бұл шілдедегі 11,8%-бен салыстырғанда өсім. Нәтижесінде 17 өңірде инфляция жеделдесе, 3 өңірде баяулаған.

Азық-түлік тауарларының бағасы тамызда жылдық мәнде 11,7%-ға өсті (шілдеде – 11,2%). Ең жоғары баға өсімі Ұлытау облысында (14,8%), ал ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында (8,7%) тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдық есепте 9,7%-ға көтерілді (шілдеде – 9,5%). Ең жоғары өсім Абай облысында (12,6%), ал ең төменгі Алматы қаласында (7,5%) болды.

Ақылы көрсетілетін қызмет бағасы тамызда 15,3%-ға дейін артты (шілдеде – 14,9%). Сонымен қатар, Маңғыстау облысында баға жалпы республикалық деңгейден төмен – 9,8% өсті.

Айлық есеп бойынша инфляция елде орта есеппен 1,0%-ға жетті.

17 қыркүйек, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.