
Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша 16 қыркүйекте өрт орнына Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев келді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Іс-қимылдарды үйлестіру оқиға орнында да, ТЖМ Командалық орталығынан да жүргізілуде. Полигонда өртті сөндіру жұмыстарын тәулік бойы жүзеге асыратын жедел штаб құрылды.
Өртті сөндірудің 6 учаскесі құрылды. Өрт орнында «Терең-Қара» өзенінен ашық су көзіне автомобиль-сорғы жеңін орнату арқылы магистральдық желі тартылып, суды үздіксіз жеткізу ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға 6 бірлік техника: бір автомобиль-сорғы жеңі және 5 автоцистерна жұмылдырылды.
Өртті сөндіруге 11 өрт оқпаны және 1 тасымалды лафетті оқпан берілді.
Өртті сөндіру өрт жүктемесімен, 10 метр тереңдікте бықсып, жел бағытының өзгеруімен күрделенуде.
Өртті сөндіруге Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ҚР ТЖМ Мартбек Мамраев атындағы 52859 және Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері қосымша жұмылдырылды.
Барлығы 200-ден астам жеке құрам мен 90-нан астам техника жұмылдырылды.
Өртті сөндіру бойынша барлық қажетті шаралар ТЖМ күшімен тәулік бойы орындалуда. Күндіз-түні құтқарушылар ошақтарды инертті материалдармен толтырып, топырақты тығыздау жұмыстарын жүргізуде. Бұл әдіс оттың бықсуын оттегінің қолжетімділігін толығымен жауып, өрттің түпкілікті жойылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
В Атырау +2