Атырау, 5 желтоқсан 19:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мұнай-газ саласындағы миллиондаған қаржы жымқыру: кінәлілер жазаланды

333 рет қаралды

Өткен жылы Маңғыстау облысының прокуратурасымен мұнай-газ кәсіпорындарында тексерулер жүргізілді.

Тексеру нәтижелері бойынша «West Oil Software» ЖШС қызметінде материалдық қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Тергеу аясында кәсіпорында негізгі басшылық қызметтерді атқарған үш адам ұсталды.

Сотпен барлық тұлғалар кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрлері тағайындалды. Атап айтқанда, кәсіпорын басшыларының бірі бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қаралу барысында сотталғандар 261 млн теңге көлемінде шығынды өтеген.

16 қыркүйек, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.