Атырау, 5 желтоқсан 19:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Екібастұзда 160 миллион теңге көлеміндегі сатып алу тоқтатылды

213 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Екібастұз қаласының прокуратурасы 160 миллион теңгеге жоспарланған өндірістік база сатып алу конкурсының негізсіз екенін анықтап, бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеді.

Мониторинг барысында қадағалаушы орган қала әкімдігі 160 миллион теңгеге конкурс жариялағанын анықтады. Алайда қаланың бекітілген бюджетінде сол мақсатқа тек 150 миллион теңге қарастырылған.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу жоспарына қажетті түзетулер енгізіліп, сатып алу конкурсы алынып тасталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзуға жол берген жауапты тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

16 қыркүйек, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.