Атырау, 5 желтоқсан 19:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қазақстанда дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді

292 рет қаралды

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 232-1-бап күшіне енді, ол дропперлік үшін жауапкершілікті қарастырады.

Дропперлік – банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, соның ішінде үшінші тұлғаларға материалдық сыйақыға банк картасын беру әрекеттерін қамтиды. Бұл – интернет-алаяқтықтың негізгі әдістерінің бірі.

Жаза мөлшері: әрекеттің ауырлығына, сипатына және алынған пайда мөлшеріне байланысты айыппұлдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сонымен қатар мүлікті тәркілеу қарастырылған.

Бұл норма кибералаяқтыққа қарсы күресті күшейтіп, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін қорғауға және цифрлық ортада әрекет ететін қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуға бағытталған.

16 қыркүйек, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.