Атырау, 13 ақпан 08:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40

Сталкингке қарсы жаңа заң: жеке шекараны қорғау қадамы

407 рет қаралды

Қазақстанда азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру туралы» заң қабылданды.

Заңдағы басты жаңалық – сталкингке қылмыстық жауапкершілік енгізілуі. Сталкинг – зорлық-зомбылық қолданылмаса да адамның психологиялық жағдайына зиян келтіретін, еркінен тыс тұрақты қудалау әрекеттері.

Сталкингке жатады: адамның жеке шекарасын бұзу, еркінен тыс қудалау, қайта-қайта телефон соғу, интернет арқылы бақылау және қорқыныш немесе алаңдаушылық туғызу.

 Мұндай әрекеттер үшін қарастырылған жазалар:

  • 200 АЕК-ке дейінгі айыппұл;
  • 200 сағатқа дейін қоғамдық немесе түзеу жұмыстары;
  • 50 тәулікке дейін қамау.

Заң әрбір адамның жеке кеңістігін құрметтеуді қамтамасыз етіп, психологиялық зорлық-зомбылық пен қудалаудың алдын алуға бағытталған.

16 қыркүйек 2025, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.