
2025 жылғы 1 қыркүйек жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем алғандар саны 264,3 мың адамға жетті. Биылдың өзінде 212,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 84 млрд теңге болды.
Қолданыстағы заңнама бойынша, жұмыстан босатылғандар 1 айдан 6 айға дейінгі кезеңге әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейін МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асады.
Төлемді алу үшін жұмыстан босатылған адам:
- eGov.kz порталы арқылы авторизацияланып, «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдайды;
- Онлайн өтінім толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қояды;
- Бір күн ішінде мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
- Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі.
Бұл қызмет enbek.kz арқылы да онлайн алуға болады. Жүйеде мәліметтер тіркелген кезде, МӘСҚ төлем тағайындау үшін SMS-хабарлама жібереді, жауап берген жағдайда төлем автоматты түрде тағайындалады.
Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ төлемі жұмыстан шығу себептеріне қарамастан тағайындалады және жұмыссыздарға жұмыс іздеу кезеңінде қолдау көрсетуге бағытталған.
В Атырау +2