Атырау, 5 желтоқсан 19:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қарулы күштерде байланыс әскерлерінің арнайы жаттығулары өтуде

252 рет қаралды

Қазақстан Қарулы күштерінде 2025 жылғы дайындық жоспарына сәйкес 22 қыркүйекке дейін жалғасатын байланыс әскерлерінің арнайы оқу-жаттығулары басталды.

Маневрлерге ҚР ҚК Бас штабы Байланыс департаментінің бастығы полковник Асан Ақышев жетекшілік етуде. Жаттығудың негізгі мақсаты – басқару органдары мен байланыс бөлімшелерінің орташа қарқындылықтағы қақтығыс жағдайында әскерлерді сенімді әрі жедел байланыспен қамтамасыз ету дайындығын тексеру.

Іс-шараға Бас штабтың құрылымдары, байланыс бөлімшелері, Ұлттық қорғаныс университеті мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының зерттеу топтары, сондай-ақ мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, байланыс операторлары және күш құрылымдарының өкілдері қатысуда.

Полковник Ақышевтің айтуынша, оқу-жаттығуда басқару органдарының іс-қимыл алгоритмдері пысықталып, байланыс тораптарын өрістету, жаңа ұйымдастыру тәсілдерін игеру және басқарудағы үйлесімділікті арттыру бойынша тәжірибе жүргізілуде.

Жаттығудың ерекшелігі ретінде Жалтыркөлден Ақмола облысының Шұбары ауылына «Жиналыс» далалық байланыс торабының марш жасауын атап өтуге болады. Сонымен қатар жабдықтардың жарамдылығы мен өңірлік полигондардағы ақпарат алмасу сапасы тексерілмек.

16 қыркүйек, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.