Атырау, 5 желтоқсан 19:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қарағанды облысында дизель отынын ұрлау әрекеті әшкереленді

232 рет қаралды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында құқық қорғау органдары дизель отынын теміржолдың жылжымалы құрамынан жүйелі түрде ұрлап келген қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы операцияны Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК облыстық департаменті және көліктегі полиция департаментінің Қарағанды — Сұрыптау желілік полиция бөлімімен бірлесіп, Қарағанды облысы көлік прокуратурысының қолдауымен жүргізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде дизель ұрлығына қатысты 28 дерек анықталды. 17 күдікті қолға түсіп, олардың заңсыз әрекеттеріне қатыстылығы тексерілуде. Тінту барысында, шамамен 500 келі дизель отыны, жанармай тасымалдауға арналған бос канистрлер, 2017 жылы Ресей ІІМ-де жоғалған ретінде тіркелген атыс қаруы, 26 дана оқ-дәрі, 7 телефон және есірткі заттары тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

15 қыркүйек, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.