
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы бюджет қаржысын пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуын тексеру барысында бірқатар өрескел бұзушылықтарды анықтады.
Есіл ауданында ТКШ бөлімінің басшысы ауылдық елді мекендерде су тазарту модульдерін орнату бойынша орындалмаған жұмыстарға 31,3 млн теңге көлемінде заңсыз ақы төлеген. Ал Қызылжар ауданында Бескөл ауылдық округінің әкімі аудан орталығын жаңа жылдық безендіруге бөлінген 8,4 млн теңгені негізсіз аударған.
Бұл деректер бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған лауазымды тұлғаларға шара қолданылды. Бескөл ауылдық округінің әкіміне қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілсе, аудандық ТКШ бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.
Сонымен қатар, атқарушы органдар қаржылық бұзушылықтарды жоюға міндеттелді.
Жыл басынан бері облыс прокуратурасының актілері негізінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттері үшін 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде біреуі қызметінен босатылса, тоғызына ескерту жасалған.
В Атырау +2