Атырау, 6 желтоқсан 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Жыл басынан бері Атырау облысында жеті бала терезеден құлап кеткен

492 рет қаралды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысы ТЖД бас маманы Думан Үмбет биыл облыста жеті баланың терезеден құлап кеткенін хабарлады. 

Оқыс оқиғалар негізінен 3-тен 9 жасқа дейінгі балалар арасында, көпқабатты үйлерде тіркелген.

— Балалардың терезеден құлауы көбінесе ата-аналардың қараусыз қалдыруынан, терезе алдында жиһаздың болуы, москит торына арқа сүйеу және терезелерді толық ашық қалдыру сияқты себептерден туындайды. Бұл — салғырттықтың салдары. Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігі — сіздердің жауапкершілігіңізде. Бір сәттік салғырттық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін, — деді Д. Үмбет.

Демеушілердің көмегімен облыста 286 пәтерде терезелердің толық ашылуын шектейтін арнайы құлыпшалар орнатылды. Спикердің айтуынша, бұл балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған маңызды шара болып табылады.

26 тамыз, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.