Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Польшада Украинаны Starlink терминалдары үшін ақы төлеуге шақырды

369 рет қаралды
© РИА Новости / Алексей Витвицкий

Польша сеймі депутаты, ел президенттігіне бұрынғы кандидат Славомир Ментценнің айтуынша, егер Украина Starlink терминалдарын пайдаланғысы келсе, онда олардың ақысын өзі төлеуі керек, деп хабарлайды РИА Новости,

Бұған дейін Польша президенті Кароль Навроцкий Украинаны қолдау туралы заңға вето қойған еді. Бұл заң уақытша сипатқа ие және әр алты ай сайын қайта қабылданады. Аталған құжат аясында Польша Киевке бұрын берілген шамамен 30 мың Starlink терминалының жұмысын қаржыландырып келген.

«Егер Украина Starlink пайдаланғысы келсе — онда соны өзі төлесін. Біз не үшін оған ақы төлеуіміз керек екенін көріп тұрған жоқпын», — деп жазды Ментцен Х платформасында (бұрынғы Twitter).

Сондай-ақ ол: «Поляк салық төлеушілерінің ақшасы поляктардың қажеттіліктеріне жұмсалуы тиіс!» — деп қосты.

26 тамыз, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.