Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраудың мұнай тасымалдаушылары халықаралық байқауда үздік танылды

416 рет қаралды
Сурет: "ҚазТрансОйл"

ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны «ҚазТрансОйл» АҚ 19–22 тамыз аралығында Тюмень қаласында (Ресей Федерациясы) өткен «Үздік маман — 2025» халықаралық кәсіби шеберлік байқауына қатысты. 

Сайысқа Қазақстан, Беларусь, Мажарстан, Қытай және Ресей елдерінің мұнай құбыры компанияларынан өндірісте еңбек ететін 33 қызметкер қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. «ҚазТрансОйл» АҚ атынан қатысқан сегіз маман өз номинациялары бойынша жүлделі орындарға ие болды:

  • «Мұнай айдау станциясының операторы» номинациясы бойынша 
  • 1 орын — Жандос Шакенбаев, Жезқазған мұнай құбыры басқармасының Б.Жұмағалиев атындағы БМАС операторы;
  • «Технологиялық қондырғыларды жөндеу слесарі» номинациясында 
  • 2 орын — Асланбек Қалабай, Атырау мұнай құбыры басқармасының өндірістік қамтамасыз ету базасының технологиялық қондырғыларды жөндеу слесарі;
  • «Желілік құбыршы» номинациясы бойынша 
  • 2 орын — Алтынбек Мұғиев, Атырау мұнай құбыры басқармасының апатты қалпына келтіру пунктінің желілік құбыршысы;
  • «Химиялық талдау зертханашысы» номинациясында 
  • 2 орын — Мақсат Бегалиев, Жезқазған мұнай құбыры басқармасының «Құмкөл» БМАС «Құмкөл» химиялық талдау зертханашысы;
  • «Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері» номинациясы бойынша 
  • 2 орын — Анатолий Хрипков, Атырау мұнай құбыры басқармасының өндірістік қамтамасыз ету базасының электромонтері; 
  • «Электргазбен дәнекерлеуші» номинациясы бойынша 
  • 2 орын — Андрей Махорин, Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының «Атырау» желілік-пайдалану учаскесі АҚП электргазбен дәнекерлеушісі; 
  • «Тауар операторы» номинациясы бойынша  
  • 3 орын — Шаяхмет Жеткізген, Атырау мұнай құбыры басқармасының Т.Қасымов атындағы мұнай айдау станциясының тауар операторы;
  • «Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика слесарі» номинациясы 
  • 3 орын — Рахат Сарсек, Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының бақылау-өлшеу құралдары және автоматика слесарі. 

Осы мамандардың қажырлы еңбегінің арқасында еліміздің мұнай тасымалдау саласы халықаралық деңгейде лайықты бағаланды, ал өндіріс қызметкерлерінің біліктілігі кеңінен танылды!


26 тамыз, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.