
Францияның солшыл бағыттағы "La France insoumise" партиясы ел президенті Эммануэль Макронды қызметінен кетіру мақсатында жаңа қадамдарға бармақ. Бұл туралы партияның жетекшісі Жан-Люк Меланшон мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Меланшонның айтуынша, партия бұған дейін де президенттің отставкасын талап еткен. "Енді біз 23 қыркүйекте осы мәселені қайта көтереміз. Егер үкімет осыған дейін отставкаға кетсе, сенімсіздік вотумының қажеті болмай қалады. Сондықтан біз Макронды биліктен шеттету туралы ұсыныс енгіземіз", – деді ол France Inter радиосына берген сұхбатында.
Айта кетейік, "La France insoumise" 2024 жылы Макронға қарсы импичмент жариялауға талпынған еді. Алайда бұл бастама парламентте қолдау таппады. Ұлттық жиналыстың заң комиссиясы бұл ұсынысты қабылдамады, депутаттардың көпшілігі қарсы шықты (15 депутат қолдап, 54-і қарсы дауыс берген).
В Атырау +4