
Атырау облысында ҚР Конституциясы күніне орай барлық топтағы мүгедектігі бар азаматтарға 50 мың теңгелік біржолғы әлеуметтік көмек беру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Жаңылсын Сейдалиева атап өткендей, аймақта алты мереке күніне орай түрлі санаттағы тұрғындарға біржолғы әлеуметтік төлемдер қарастырылған: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні, 30 тамыз – Конституция күні, 25 қазан – Республика күні және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
Айта кетейік, былтыр мұндай көмек 25 мың адамға берілген.
В Атырау +2