Атырау, 6 желтоқсан 00:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Жыл басынан бері Атырау облысында мопедтердің қатысуымен 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді

346 рет қаралды

Атырау облысында мопедтерді міндетті түрде тіркеу жұмыстары жалғасуда. 

Қазір өңір бойынша 1175 мопед арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында есепке алынғаны хабарланды, деп жазады Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл мопед пен скутер қатысқан 35 жол апаты тіркеліп, 840 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Облыстық полиция департаментінің инспекторы Нұргүл Нұрсұлтанова атап өткендей, 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріліп, оларды тек «А1», «А» немесе «В» санатындағы жүргізуші куәлігі бар азаматтар басқара алады. Тіркелмеген немесе куәліксіз мопед жүргізгендерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес айыппұл салынады. Сондықтан барлық жүргізушілерді көліктерін уақытылы тіркеп, қажетті құжаттарын рәсімдеуге шақырады.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары мотокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін бұзу фактілерін анықтау үшін рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

26 тамыз, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.