Атырау, 6 желтоқсан 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Береке ықшамауданындағы көпқабатты үйдің ауласында егеуқұйрықтар көбейді

Бейнежазба
558 рет қаралды

Атырауда №54 үйдің тұрғындары подъездің жанында қоқыс үйіндісінің көбейіп кеткенін, кеміргіштердің жайлап кеткенін хабарлады.

- Контейнер қойылғалы бері сұмдық басталды. Егеуқұйрықтар қабырғалардан үңгір қазып, подъездерде жүгіріп жүреді. Біз балаларымыз үшін қорқып отырмыз, – дейді тұрғындардың бірі.

Терезені ашу мүмкін емес – күні-түні шіріген иіс шығып тұрады, әсіресе ыстықта. Егеуқұйрықтар адамнан қорықпайды, аулада емін-еркін жүреді. Тұрғындар қол жинап, коммуналдық қызметтерден қоқысты дереу тазалап, дератизация жүргізуді талап етті.

- Мұнда балалар мен қарттар тұрады. Біз биліктің араласуын сұраймыз! – делінген тұрғындардың ұжымдық үндеуінде.

Әкімдік «Ақ Жайық» сауалына жауап ретінде №54 үй ауласындағы контейнер тазартылғанын хабарлады. Санитарлық нормалар бойынша дератизация әр үш жыл сайын жүргізіледі, соңғысы – 2022 жылы жүргізілген. Қазір көппәтерлі 1250 үйдің контейнерлері мен жертөлелерін санитарлық өңдеу мәселесі қаралуда. Ол үшін алдағы маслихат сессиясында қаржы бөлініп, конкурс өткізілмек.

Айгүл МАНСУРОВА

26 тамыз, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.