Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құмды дауыл​ АҚШ-тағы Финикс әуежайына зиян келтірді

314 рет қаралды

АҚШ-тың Аризона штатындағы Финикс қаласында құмды дауыл соқты. 41 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалып, жергілікті халықаралық «Скай-Харбор» әуежайы зақымданды, деп хабарлайды Коммерсантъ.

25 тамызда жергілікті уақыт бойынша Финикс орталығында дауыл соқты. АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежай жарты сағатқа ұшақтарды жіберуді тоқтатты. Үш рейс ұшпады, 104 рейс кешікті, бір рейс басқа әуежайға бағытталды.

Әуежай өкілі ғимаратта су ағу және басқа да зақымдар тіркелгенін, жалпы шығын әлі есептеліп жатқанын айтты. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

26 тамыз, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.