
Мароккода Еуропа елдеріне заңсыз өтуге тырысатын кәмелетке толмағандардың саны артты. Әсіресе жазғы маусымда Испанияның бақылауындағы Сеута мен Мелилья қалаларына ағын көбейіп, «балалар миграциясы» мәселесі өзекті болды, деп хабарлайды АА.
Марокко билігі бұл мәселені шешу үшін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту, білім беру жүйесін жетілдіру, жалақыны көтеру және ел бойынша даму жобаларын жүзеге асыру шараларын қабылдағанын хабарлады.
Марокколық әлеуметтанушы Али Шабаниның айтуынша, көші-қонның негізгі себептері – жасөспірімдердің миграция перспективалары туралы жалған түсініктері және білім беру жүйесіндегі кемшіліктер. Кейбір отбасылар балаларын миграцияға итермелеп, контрабандистерге ақы төлейді.
2024 жылғы 7–9 қыркүйек аралығында Испания қауіпсіздік күштері Солтүстік Африкадан келген шамамен 3 мың заңсыз мигранттың елге өту әрекетін тоқтатты.
В Атырау +4