
Алтай көшесі, 1-үйдің 2-пәтерінде жуынатын бөлмедегі төбе опырылды. Бағына қарай, сол сәтте бөлме бос болғандықтан, ешкім зардап шеккен жоқ.
«Бұл төтенше жағдай, адамдарды шұғыл эвакуациялау керек, әйтпесе нағыз құрбандар пайда болуы мүмкін», – деп жазып жатыр қала тұрғындары әлеуметтік желілерде.
Бұл үйлердің проблемасы бұрыннан белгілі. «Ақ Жайық» шілде айында хабарлағандай, Алтай көшесі, 1, 3, 5, 7 және 9 үйлер апатты деп танылған және бұзуға жатқызылады. Олар тұрғындарды көшіруді қарастыратын Реновация бағдарламасына енгізілген, бірақ нақты мерзіміі әлі белгіленбеген.
Пәтердегі төбесі опырылған үйдің иесі Елена Шарохванова:
«Біз үреймен өмір сүріп жатырмыз. Бүгін жуынатын бөлмедегі төбе опырылды, ертең бұл жағдай басқа бөлмеде болуы мүмкін. Бізді эвакуациялау керек, әйтпесе қирандылардың астында қаламыз», - дейді.
Тұрғындар биліктен қайғылы оқиғаға ұрынбас үшін апатты тұрғын үйді дереу босатып, адамдарды қауіпсіз жерге көшіруді талап етуде.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +2