Атырау, 6 желтоқсан 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ақтоғай ауылындағы жолды сапасыз жөндегені үшін мердігерге айыппұл салынды

402 рет қаралды
Махамбет ауданы Ақтоғай ауылына кіреберіс жолдың жағдайы

Бұл туралы Атырау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы хабарлады.

Атырау облысы филиалы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК-ның хатына сәйкес, «Махамбет ауданы Ақтоғай ауылына кіреберіс жолды (2,2 км) күрделі жөндеу» нысанында тиісті бақылаудың болмауына және құрылыс нормаларының бұзылуына байланысты бас мердігер «Team Development» ЖШС ӘҚБтК-нің 312-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасының заңнамасы мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын (техникалық регламенттерде белгіленген талаптардан басқа) бұза отырып, жобалауға дейінгі, іздестіру, жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау: лауазымды адамдарға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Kompra.kz дерегінше, «Team Development» ЖШС шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатады. Компания директоры – Нұржан Иманбаев, ал жалғыз құрылтайшысы – Күлән Ағатаева. ЖШС 200 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін, бұл 786 400 теңгені құрайды.

Жомарт ӘМІРХАНОВ 

26 тамыз, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.